Отчёт за 2020 год » Детская музыкальная школа №9
Municipal public institution
"Детская музыкальная школа №9 Е.Брусиловского"
Department of Education города Алматы
Reception room:
+7 (727) 230-82-30
Бухгалтерия:
+7 (701) 299-65-60
Version
для visually impaired
03
февраль
2021

Отчёт за 2020 год

АЛМАТЫ  ҚАЛАСЫ   ТҮРКСІБ  АУДАНЫ  Е.БРУСИЛОВСКИЙ  АТЫНДАҒЫ   

№ 9 БАЛАЛАР  МУЗЫКА   МЕКТЕБІНІҢ  2020  ЖЫЛЫНДАҒЫ   

АТҚАРЫЛҒАН  ЖҰМЫС   ЕСЕБІ

    2020 жылын   қорытындылай  келе, мектеп  ұжымы   қойған  мақсатына  толық   жетті  деп  айтуға   болады. 

  Оқушылардың   саны  2020 ж. 1-қыркүйектегі  мәлімет   бойынша – 270.

         Фортепиано – 134

         Скрипка – 33

         Баян – аккордеон  – 7

         Домбыра – 30

         Гитара – 63

         Ұрмалы   аспаптар – 3

Биыл  мектепті   20 оқушы  бітірді, оның:

Оқу – тәрбие  процесі  жалпымектеп   жоспарымен, бөлімдердің   жұмыс  жоспарларымен, жалпықалалық  әдістемелік  жұмыс   жоспарымен  сәйкестендіре  жүргізілді. Бөлімдердің  академиялық   концерттері  өз  уақытында – желтоқсан, мамыр  айларында   өткізілді. Оқушылар  әр  аспаптың   әдістемелік  талаптарына  сай   бағдарламаларды  орындады. Барлық  бөлімдерде   қараша, ақпан  айларында  техникалық   сынақ  тапсырылды. Оқушылардың  үлгерімін  бақылау   академиялық  концерттер, техникалық  сынақтар, коллоквиум, бақылау  сабақтары, мектепішілік  және   мектептен  тыс  байқаулар, келесі  класқа   көшіру  және  бітірушілердің  емтихандары   негізінде  жүзеге  асырылды. Жалпы, оқу  бағдарламасының  орындалу   деңгейі  жақсы. 

Оқу  жылын   «өте жақсы» -  112 оқушы, «жақсы» - 123 оқушы, «қанағаттанарлық» - 35   оқушы  аяқтады. Үлгермеуші  не   аттестатталмаған  оқушы  жоқ. 

Мектептің  концерттік   жұмысы  әр түрлі  байқаулар   мен  қызықты  іс – шараларға  толы   болды. Атап  айтар  болсақ:

  • Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік   күніне  арналған  онлайн-концерт
  • 8 – наурыз  Халықаралық   әйелдер  күніне  арналған   онлайн-концерт
  • Жеңіс  күніне   арналған  онлайн-концерт
  • Фортепиано, скрипка, халық  аспаптары  бөлімдерінің   оқушыларының  онлайн-концерті
  • № 9 БММ – нің  қалалық, аудандық  мәдени  іс – шараларға   қатысуы

 

ҚР   Тәуелсіздік  күніне  арналған   концерт

Кіші  арнайы  хор (жет. Гаргома А.В., конц. Реймер И.В.)

Қаламыздың  мектеп – гимназияларында, балалар бақшаларында, әр  түрлі  мерекелерде, ата – аналар  жиналысында   көптеген  қызықты  концерттік   іс – шаралар  өткізілді. 

  • Мектептің  концерт   залында  есеп беру  онлайн-концерті  өткізілді.

Барлық  бөлімдердің  оқушылары   есеп беру  онлайн-концерттеріне  бір   кісідей  атсалысты.

Ұстаздар  мен   оқушылардың  бірігіп  өткізген   онлайн-концерттер  саны –40

16 – Аудандық  жас  музыканттар   байқауында  және  53 – Қалалық   жас  музыканттар  байқауында   фортепиано  бөлімінің  оқушылары   өте  жақсы  нәтижелер   көрсетті. Сонымен  қатар, мектеп  оқушылары  бірнеше   Халықаралық, Республикалық   байқауларға  қатысты. Оқу  жылы   барысында  ұстаздар  тарапынан   5  әдістемелік  баяндама, 5 тақырыптық  ашық   сабақ, 6 орындаушылық  талдау, жас  маманның  жұмыс   тәсілімен  танысу  мақсатында   5  ашық  сабақ, 38   тақырыптық  ата – аналар  жиналысы   өткізілді.

 

                           ҚР Тәуелсіздігі күніне орай өткізілген концерт 

                           Гитарашылар ансамблі (жет.Исаева  Н.В.)


 


ҚР  Тәуелсіздігі   күніне  орай  өткізілген   концерт 

«Шалқыма» фольклорлық  ансамблі (жет. Бердібаева  Қ.Б.)


 

ҚР  Тәуелсіздігі   күніне  орай  өткізілген   концерт

Вокалдық  топ (жет. Гаргома А.В., конц. Реймер И.В.)

БӨЛІМДЕР  БОЙЫНША   ТАЛДАУ:

АРНАЙЫ   ФОРТЕПИАНО  БӨЛІМІ

Бөлімді  ҚР   халыққа  білім  беру   ісінің  үздігі  Ермакова З.В. басқарады. Бөлімде  134   оқушы  бар: оның  ішінде   66  оқушы – «өте  жақсы», 56   оқушы – «жақсы», 12 оқушы – «қанағаттанарлық». Биылғы  оқу   жылында  аталмыш  ұстаздардың   класында  шәкірттерінің  техникалық   және  орындаушылық  алға   жылжуы  ерекше  көзге   түсті : Ермакова З.В., Проценко Н.В., Щетинкина Е.Г., Степаненко А.В., Реймер Н.В. Бөлім  оқушылары  классикалық   шығармалармен  қатар, Қазақстан  композиторларының, қазіргі  заман   композиторларының  шығармаларын, сонымен  қатар, джаз және  эстрадалық   өңдеудегі  шығармаларды  орындады. Бағдарламалары  негізінен   оқушылардың  музыкалық  қабілетіне, шама – шарқына  келетін   болғанымен, арасында  Ермакова З.В., Проценко Н.В. класында   күрделі  шығармалар  кездесті, ал кейбір  оқушыларда   керісінше, жеңіл  бағдарлама  орын   алды. Мектептің   пед.кеңесінде  оларға  ескерту   жасалынды. Бөлімде  барлық  оқушыда бірдей  үздік   нәтиже  болмаса  да,басым   көпшілігінде шығармашылық   алға  жылжу, техникалық  өсу басқа   бөлімдерден  жоғары  деңгейді   көрсетті. Бөлім  педагогтары  қойылған   міндеттемеге  түгелдей  дерлік   қол  жеткізді  десек   те,  әр  класта   жақсы  да,  қиындық   тудыратын  да  балалар   кездеседі. Бөлім  ұстаздарына  алдағы   уақытта  оқушының  орындаушылық   деңгейін  көтеру, метр – ырғақ  сезінуін  жетілдіру   және  әкімшілік  тарапынан   әр  оқушының  репертуарына   Қазақстан  және  қазіргі   заман  композиторларының  шығармаларын   көптеп  енгізу  жүктелді. 

Бөлімде  2   техникалық  сынақ, 2 мектепішілік  байқау, қараша, наурыз  айларында   ата – аналар  жиналысы  өткізілді. 

Әдістемелік  баяндамалар, орындаушылық  таңдау, ашық   сабақтар  өткізілді.

2020ж. қаңтар  айында  16 – Аудандық   жас  музыканттар  байқауында   фортепиано  бөлімінің  оқушылары   жақсы  өнер  көрсетті. Сонымен  қатар, 53 – Қалалық  жас   музыканттар  байқауында, т.б. басқа  байқауларда, фестивальдерде  үздік   өнер  көрсетті. 

 

Фортепиано  бөлімінің   отырысы

СКРИПКА  БӨЛІМІ

    Скрипка   бөлімінде  32  оқушы   бар, оның  12сі «өте жақсы», 17сі «жақсы», қалғандары – 3. Академиялық   емтиханда  да  дәл   осындай  көрсеткіщтер  болды. Скрипка  бөлімі ұстаздарының  алдында   интонацияны  тазалау, ысқышты  жүргізу   техникасы, шығарманы  қалыпты  ырғақта   ойнау  және  Қазақстан   композиторларының  шығармасын  көбірек   ойнату  сынды  талап – міндеттемелер  тұр. Бөлімде   1  мектепішілік  байқау, қазан, ақпан  айларында   2  техникалық  сынақ   өткізілді. Онда  ысқыш  жүргізе   білу  негізі, дыбыс  шығару, ойнау   аппаратының  дұрыс  болуы   жөніндегі  кездесетін  мәселелер   тілге  тиек  етілді. Оқу   процесі  барысында  педагогтар   осы  мәселелермен  жұмыс   жасады. Қараша, наурыз  айларында  ата – аналар   жиналысы  өткізілді, әдістемелік  және  орындаушылық   жұмыстар  талданды,  ашық   сабақтар өткізілді. 

 

Скриипкашылар  ансамблі (жет.Фёдорова М.С., конц. Горошевич И.М.)

ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  АСПАПТАРЫ   БӨЛІМІ

Бөлімді  Бердібаева Қ.Б. басқарады. Бұл  бөлімде   30  оқушы  бар: 8 – «өте жақсы», 16 – «жақсы», 6 – «қанағаттанарлық». Үлгермеуші  не  аттестатталмағандар  жоқ. Биыл   емтихандарда  Бердібаева Қ.Б., Аймағамбетова А.Б. оқушылары  жақсы  нәтижелер   көрсетті. Бөлім  ұстаздары  ата – аналар  жиналысын, ашық  сабақтар   өткізіп, әдістемелік  баяндама  оқып, орындаушылық  талдамалар   жасап  тұрады.Бөлімнің  ұстаздары   мен  оқушылары  үнемі   мерекелік, қалалық, аудандық, мектептегі   барлық  мәдени  іс – шараларға  қатысып   отырады. 2020ж. қыркүйек   айында  Бердібаева Қ.Б. жетекшілігіндегі «Шалқыма» фольклорлық   ансамблі  Алматы  қаласы   Орталық  музейінде, «Қазақконцерттің» концерт  залында  өнер   көрсетті. Сонымен  қатар,  бірқатар   Халықаралық, республикалық, қалалық   байқау – фестивальдерге   қатысып  жүлдемен  оралды.   Қазақтың  ұлы  ақыны   Абай  Құнанбайұлының  175жылдығына   орай  ұйымдастырылған  «Менің   сүйікті  шығармам» Халықаралық  онлайн-байқауынан  Аймағамбетова А.Б.,Бердібаева Қ.Б.  шәкірттері   жеңімпаз  атанды. 

ОРЫС  ХАЛЫҚ  АСПАПТАРЫ   БӨЛІМІ

Бөлімді  Исаева Н.В. басқарады. Оқушылар  саны  - 68, оның  35і  «өте жақсы», 27і  «жақсы», 6еуі   «қанағаттанарлық». Былтырға   қарағанда  біраз  оқушылар   жақсы  нәтиже  көрсетті,   әсіресе, Узбеков М.М., Исаева Н.В., Руднева Ю.В., Печенкина О.В. шәкірттері  академиялық  тыңдау   барысында  күрделі  бағдарламаларды  жақсы   орындап  көзге  түсті. Бөлімнің  педагогтары   тәжірибелі, бағдарламадан   ауытқу  сияқты  мәселеге   жол  бермейді. Гитара  кластарында   Қазақстан  композиторларының  шығармаларын   көбірек  қосу  қажеттігі   айтылды. Қараша  айында  бөлім   ұстаздары  тақырыптық  ата – аналар   жиналысын  өткізді. Орыс  халық   аспаптары  бөлімінің  ұстаздары   мен  оқушылары  көптеген   мектепішілік,  аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық     деңгейдегі  іс – шараларға, байқау - фестивальдерге  үзбей  атсалысып   келеді. Узбеков М.М., Печенкина О.В. шәкірттерінің Қазақтың  ұлы   ақыны, ойшыл  Абай  Құнанбайұлының  175жылдығына   арналған  Халықаралық  «Менің   сүйікті  шығармам»  онлайн – байқауынан  лауреат   болып  оралуы  соның   дәлелі. 


 

Гитарашылар  ансамблі (жет. Исаева Н.В.)

ТЕОРИЯ  БӨЛІМІ

Бөлімді  ҚР   халыққа  білім  беру   ісінің  үздігі  Бурнашева О.В.  басқарады. Бөлімде  тәжірибелі   ұстаздармен  қатар  жас   мамандар  жұмыс  істейді. Биыл   теория  бөлімінің  оқу   үлгерімі  100%ды  құрады. Бөлім   ұстаздары  Бурнашева  О.В., Данильченко Т.Г. басқа  бөлім   педагогтарымен  тығыз  байланысының   нәтижесінде  сольфеджио  пәнінен   мемлекеттік  емтиханды  бітірушілер   жақсы  тапсырды. 19 бітірушінің  8і «өте жақсы», 9ы «жақсы», 2еуі «қанағаттанарлық»  баға  алды. Үлкен, орта, кіші  топ   хордың  академиялық  тыңдауда, есепті  концерттегі   көрсеткен  өнері  ұстаздары   Гаргома А.В. мен   концертмейстер  Реймер И.В. зор  еңбегі  деп   атап  айтуға  болады. «Жас дәурен» үлкен  хоры   53 – Қалалық  жас  музыканттар  байқауында   жүлделі  1 – орын  лауреаты   атанды. Құрамында  Әскербек Гаухар, Мусина Жамиля, Башкирова Алина   бар  вокалдық  топ   2019 ж. Халықаралық  «Fantastic Talent» байқауында  Бас жүлдені  жеңіп   алды(жет. Гаргома А.В.) 

Бөлім  отырысында   Бурнашева О.В., Данильченко Т.Г., жалпы   фортепиано, музыкалық   әдебиет  сабақтарындағы  еңбектері   атап  айтылды.

Оқу  үлгерімінің   100%  көрсеткішіне  сүйене   отырып, барлық  оқушыларды  келесі   кластарға  көшіру  ұсынылсын. Оның  ішінде   оқу  жылын  115 оқушы  – «өте жақсы», 107 – «жақсы», 38 – «қанағаттанарлық»  деген  бағамен   бітірді. 

Б А Й Қ А У Л А Р :

Мектепте  2   байқау  өткізілді, 2019 ж. қазан  айында  И.С.Бахтың   «Сольфеджио» туындысын   5-фортепиано  класы  оқушылары   арасында  үздік  орындауға   байқау  жарияланды.Туынды  техникалық   күрделілігімен, жылдамдығымен   ерекшеленеді. Байқау   нәтижесі  мынадай  болды: 

1.Мигунова  София   - Бас  жүлде (Проценко Н.В. )

2.Попояниди  Елена   - 1 орын (Проценко Н.В.)

3.Ким  Алина   -  2 орын (Реймер Н.В.)

4.Ким  Александра   -  3 орын (Щетинкина Е.Г.)

5.Попояниди  Александра   - 3 орын (Проценко Н.В.)

6.Харалампидис  Екатерина   -  3 орын (Сейфулина О.А.)

2020 ж. наурыз  айында  А.Гайростың   «Фантастикалық  би»  шығармасын   3 – фортепиано кл. оқушылары   арасында  үздік  орындауға   жарияланған  байқаудың  жеңімпаздары:

1.Абдуллаева  Доминика   -  1 орын (Андриянова Е.В.)

2.Хан  Даша   -  1 орын (Андриянова Е.В.)

3.Попояниди  Елена   -  1 орын (Проценко Н.В.)

4.Попояниди  Александра   -  2 орын (Проценко Н.В.)

5.Нусупова  Света   - 2 орын (Проценко Н.В.)

6.Умырзакова  Радмила   - 2 орын (Андриянова Е.В.)

7.Кадырбекова  Тамила  -  2 орын (Ермакова З.В.)

8.Югай  Евгений   -  3 орын (Ермакова З.В.)

9.Пошаева  Медина   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

10.Жаманкеева  Арина   -  3 орын (Щетинкина Е.Г.)

2020 ж. қаңтарында  № 8 БММ  залында   16 – Аудандық  жас  музыканттар   байқауы  болып  өтті. Байқауда  біздің   фортепиано  бөлімінің  оқушылары   да  өнер  көрсетті. Қорытындысы  мынадай : 

1.Ли  Арина   -  Бас  жүлде (Проценко Н.В.)

2.Мигунова  София   -  1 орын (Проценко Н.В.)

3.Ким  Алина   -  1 орын (Реймер Н.В.)

4.Дмитриенко  Кристина   -  2 орын (Сейфулина О.А.)

5.Калимбах  Варвара   -  2 орын (Степаненко А.В.)

6.Дмитриенко  Никита   -  3 орын (Сейфулина О.А.) 

7.Рахимова  Карина   -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

8.Розбакиева  Самира   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

9.Коппола  Каролина   -  3 орын (Грошев В.В.)

10.Филатов  Даниэль   -  3 орын (Щетинкина Е.Г.)

11.Хакимжанова  Асель   -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

12.Григорьева  Марина   -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

13.Ким  Александра   -  3 орын (Щетинкина Е.Г.)

14.Нефёдова  Марья  -   Диплом (Айтбакиева Э.А.)

2020 ж. ақпан  айында  өткен   53 – Қалалық  жас  музыканттар   байқауында  фортепиано және  хор  бөлімінің   оқушылары  өте  жақсы   нәтиже  көрсетті :

1.Ли  Арина   -  Бас жүлде (Проценко Н.В.)

2.Мигунова  София   -  Бас жүлде (Проценко Н.В.)

3.Үлкен  хор   -  1 орын (жет.Гаргома А.В., конц.Реймер И.В.)

4.Попояниди  Александра   -  3 орын (Проценко Н.В.)

5.Попояниди  Елена   -  Диплом (Проценко Н.В.)

2019 ж. «Күншуақ» Халықаралық  байқауында :

1.Новикова  Арина   -  2 орын (Проценко Н.В.)

2.Черкасов  Виктор   -  2 орын (Проценко Н.В.)

2019 ж. қазан  айында  өткен   «Жастар  жаққан  жұлдыз»   Республикалық  байқауында:

1.Калеканова  Елизавета   - Бас жүлде (Айтбакиева Э.А.)   иеленді.

2019 ж. қазан  айындағы  6 – Халықаралық  «Музыкальный   фейерверк»  байқауында  скрипка   класының  оқушысы :

1.Мишин  Стефан   -  1 орын (Фёдорова М.С., конц. Горошевич И.М.) жеңіп  алды.

2019 ж. қараша  айында  өткен   «Звёзды  Мира»  Халықаралық   байқауында :

1.Ли  Арина   -  1 орын (Проценко Н.В.)

2.Бекхожа  Кәусар   -  1 орын (Аймағамбетова А.Б) 

3.Шалқар  Күлтегін   -  1 орын (Аймағамбетова А.Б.)

4.Розбакиева  Самира   -  2 орын (Андриянова Е.В.)  иемденді.

2019 ж. Халықаралық  «Fantastic   Talent» байқауында :

1.Вокалдық  топ: Әскербек   Гаухар, Мусина  Жамиля, Башкирова  Алина  -   Бас  жүлде (Гаргома А.В.)

2.Ким  Виолетта   -  1 орын (Исаева Н.В) жеңіп  алды.

«Жарқын  жол» Халықаралық  байқауында :

1.Ким  Максим   -  Бас жүлде (Проценко Н.В.) алды.

2020 ж. қаңтарда  өткен «Зимняя сказка в Алматы 2020» Халықаралық  байқауында :

1.Попояниди  Александра   -  1 орын (Проценко Н.В.)

2020 ж. ақпанда  «Grand Premium» Халықаралық  байқауында:

1.Нусупова  Света   -  1 орын (Проценко Н.В.)

2.Абдуллаева  Доминика   -  1 орын (Андриянова Е.В.)

3.Розбакиева  Самира   -  2 орын (Андриянова Е.В.)

4.Умырзакова  Радмила – 2 орын (Андриянова Е.В.)

5.Дуэт  Хан   Даша  и  Маша   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

2020 ж. наурыз  айында  «Самға, самұрық - 11» Республикалық  байқауында:

1.Дюсенов  Арсен   -  Бас  жүлде (Бердібаева Қ.Б.)

2020 ж. мамыр  айында  өткен   Ұлы  Жеңістің  75 жылдығына   арналған  «Жеңіс музыкасы» Қалалық  онлайн-байқауында :

1.Попояниди  Александра   -  2 орын (Проценко Н.В.)

2.Попояниди  Елена   -  2 орын (Проценко Н.В.)

3.Скворкин  Дима   -  3 орын (Проценко Н.В.)

2020 ж. сәуір  айында  5 – Халықаралық  «Симфония   искусств» онлайн-байқауында :

1.Филатов  Даниэль   -  1 орын (Щетинкина Е.Г.)

2.Пошаева  Медина   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

2020 ж. мамырда  4 – Халықаралық  «Золотые   таланты»  онлайн-байқауында :

1.Ким  Александра   -  1 орын (Щетинкина Е.Г.)

2.Умырзакова  Радмила   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

 

Ли  Арина   -  Халықаралық  байқаудың   жеңімпазы

    2020 ж. мамыр  айында   өткен  Ұлы  ақын   Абай  Құнанбайұлының  175жылдығына   арналған  Халықаралық  «Моё   любимое  произведение» онлайн-байқауынан:

1.Попояниди  Александра   -  1 орын (Проценко Н.В.)

2.Попояниди  Елена   -  2 орын (Проценко Н.В.)

3.Ли  Арина   -  2 орын (Проценко Н.В.)

4.Бакиев  Тимур   -  2 орын (Узбеков М.М.)

5.Бакиев  Искандер   -  3 орын (Узбеков М.М.)

6.Лобыкина  Кристина   -  3 орын (Печенкина О.В.)

7.Дюсенов  Даниил   -  3 орын (Печенкина  О.В.)

8.Наумов  Даниил   -  3 орын (Печенкина О.В.)

9.Бабикова  Евгения   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

10.Умырзакова  Радмила   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

11.Пошаева Медина  -   3 орын (Андриянова Е.В.)

12.Розбакиева  Самира   -  3 орын (Андриянова Е.В.)

13.Логвина  Александра   -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

14.Калекенова  Елизавета   -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

15.Нефёдова  Марья  -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

16.Нугманова  Мольдир   -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

17.Рахимова  Карина   -  3 орын (Айтбакиева Э.А.)

18.Дюсенов  Арсен   -  3 орын (Бердібаева Қ.Б.)

19.Ватанова  Раяна   -  3 орын (Бердібаева Қ.Б.)

20.Джумабаева  Жулдызай   -  3 орын (Аймағамбетова А.Б.)

21.Ватанов  Дарын   -  3 орын (Аймағамбетова А.Б.)  алды.

        2020 ж. маусым  айында   өткен Халықаралық  «Рауан» онлайн-байқауынан :

   1.Абдулаева Доминика – Бас  жүлде (Андриянова Е.В.).

   2.Хан Дарья                    – Бас  жүлде (Андриянова Е.В.).

   3.Попояниди Елена       – Бас   жүлде (Проценко Н.В.).

4.Нугманова Молдир    - 1 орын (Айтбакиева Э.А.).

    5.Калеканова Лиза         - 1 орын (Айтбакиева Э.А.).

    6.Логвина Саша             - 1 орын (Айтбакиева Э.А.).

    7.Нефёдова Марья         - 2 орын (Айтбакиева Э.А.).

    8.Хакимжанова Асель   - 2 орын (Айтбакиева Э.А.).

    9.Рахимова Карина        - 2 орын (Айтбакиева Э.А.).

 10. Нусупова Светлана   – 2 орын (Проценко Н.В.) алды.

       2020 ж. маусым  айында   өткен Халықаралық  «Жаркын Жол» онлайн-байқауынан :

   1.Попояниди Елена    – Бас   жүлде (Проценко Н.В.).

   2.Черкасов Виктор     – Бас   жүлде (Проценко Н.В.).

   3.Нусупова Светлана – Бас  жүлде (Проценко Н.В.).

   4.Ким Тия                    - 1 орын (Проценко Н.В.) алды.

      2020 ж. маусым  айында   өткен Халықаралық  «Адмиралтейская звезда» 

Санкт-Петербург қаласы (Ресей), онлайн-байқауынан :

          1.Нусупова Светлана – 2 орын (Проценко Н.В.) алды.

  2020 ж. маусым  айында   өткен Халықаралық  «Возьми ноту» 

Ставрополь қаласы (Ресей), онлайн-байқауынан :

          1.Попояниди Елена – 1 орын (Проценко Н.В.) алды.

 2020 ж. шілде айында  өткен Халықаралық  «Шығармашылық жаз», онлайн-байқауынан :

          1.Ким Алина            – 2 орын (мұғ.Реймер Н.В.) алды.

          2.Филатов Даниэль – 3 орын (мұғ.Щетинкина Е.Г.) алды.

2020 ж. шілде айында  өткен Халықаралық  «World Art Games», онлайн-байқауынан :

          1.Ұлы хор – 1 және 2 орын (мұғ.Гаргома А.В.,концм.Реймер И.В.) алды. 

Жоғарыда  көрсетілгендей, біздің  мектептің   оқушылары  барлық  қатысқан   байқаулардан  лауреат  атанған. 

Оқу  пәндері   мен  академиялық  тыңдаулармен   қатар  мектебімізде  жас   ұрпақты  білімге, мәдениетке, қабілетін  арттыруға  бейімдейтін   іс – шаралар  ұйымдастырылып  тұрады. Ұстаздарымыз  бен   оқушыларымыз  жыл  бойы   мектепішілік, аудандық, қалалық   деңгейде  өткен, барлығы 52  концерттік   шараларға  белсене  атсалысқан. Оның  ішінде   ата – аналарға  арналған  және   №1, №185 балалар  бақшаларында,  №44,   №78, №89,  №115, №17 мектеп – гимназияларында  профбейімділік  концерттері, «Посвящение  в   юные  музыканты», «ҚР  Конституциясы күні», «8 – наурыз  Халықаралық   әйелдер  күні», «ҚР  Тәуелсіздігі   күні», «Наурыз  мерекесі», «Ұлы  Жеңістің  75 жылдығы» және  т.б. мерекелік  концерттерден   тыс  қалған  жоқ . 

ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫСТАР

Мектептің ұстаздарының  барлығы  да   оқу  жылы  барысында   әдістемелік  жұмыстар  жасап, тәжірибе  жинақтап,   деңгейлерін  жетілдіріп  тұрады. 

БЖИ ББЖКҚД  жүйесі  бойынша   фортепиано  бөлімінің  ұстаздары   біліктілігін  арттыру  курсынан   өтті.

Осы  оқу   жылында  мектепте  5   әдістемелік  баяндама  жасалынды: 

Қараша  айында   Реймер Н.В. «Полифониялық   шығармалармен  жұмыс  істеу   тәсілі»тақырыбында  баяндама  жасады. Баяндама  толық   талқыланып  фортепиано  бөлімінде   қолдануға  ұсынылды.

Желтоқсанда  Аймағамбетова А.Б. «Шығарманың  күрделі   штрихтарымен  жұмыс» әдістемелік  жұмысын   көрсетті. Баяндама  өте  қызықты   әрі  қолданысқа  қажетті,   әріптестерінің  тараптарынан   жақсы пікірге ие болды. 

Қаңтарда  Печенкина О.В. «Баяндағы  тіркестер» баяндамасы  тыңдалып, талқыланып, баян  класында   қолданысқа  ұсынылды. 

Ақпанда  Федорова М.С. «Скрипкашының  оң   қол  қойылымымен  жұмыс   жасау  әдісі»  тақырыбындағы   әдістемелік  баяндамасы  тыңдалды. Педагогтың  тақырыптың   аясында  көп  жұмыс   жасағандығы  айрықша  аталды   және  соны  іс   жүзінде  көрсетуі әріптестерінің оң  бағасын  алды.

Оқу  жылы   барысында  тақырыптық  ашық   сабақтар  өткізілді:

Қазан  айы   -  Андриянова  Е.В. 7 – фортепиано  кл.   оқушысы  Сұлтанов Р. «И. Крамердің  До  мажор   этюдімен  жұмыс»  ашық   сабағы  болды. 

Қараша  айы – Акимов   А.Л. «Қолдардың  қойылымы. Гитараның  ерекшеліктерімен  танысу»   ашық  сабағын  1 – гитара   кл. оқушысы  Мезенцев Д. өткізді.

Желтоқсан  айы – Гаршина И.А. «Кіші  скрипкашылар   ансамблімен  ұжымдық  жұмыс   әдісі» ашық  сабағы.

Қаңтар  айы – Сейфулина О.А. «Шағын  техникамен   жұмыс» ашық  сабағын  2 – фортепиано  кл. оқушысы   Куманикина М. өткізді.

Наурыз  айы – Гаргома   А.В. «Дауыс  аппаратының  құрылымы. Ер   адам  мен  әйел   адамның  ән  айту   ерекшелігі» тақырыптық  ашық  сабағы.

Сонымен  қатар, 4   орындаушылық  талдау  жасалынды:

Желтоқсан – Бердібаева  Қ.Б. «Домбырада  джаз   шығармаларын  орындау».

Қаңтар – Андриянова  Е.В.  Қазақтың   халық  әні  «Япырай».

Ақпан – Грошев  В.В. Э. Григ  «Анитраның   биі».

Наурыз – Семенова  М.А. Романова «Патшаның  аты».

Ұстаздардың  әдіс – тәсілдерімен  танысу   мақсатында  5  ұстаздың   сабағына  ену болып  өтті:

Қараша  - Сейфулина   Э.М.

Желтоқсан – Кирилин  В.И.

Қаңтар – Акимов А.Л.

Ақпан – Розбакиева Ш.К.

Наурыз – Гаргома А.В.

Мектеп  басшылығы   және  бөлім  меңгерушілерінің  қатысуымен   болған  сабаққа  енуде   біршама  жақсы  жақтары   да  кемшіліктері  де   атап  айтылды. 

Жылына  екі   рет  қараша, наурыз  айларында   тақырыптық  ата – аналар  жиналысы   әрі  класстық  концерттер   өткізіліп  тұрады. Оқушылар  жеке   және  ұстаздарымен  бірлесе   отырып  еркін  тақырыпта   дуэт, трио, квартет, ансамбль   болып  өнерлерін  көрсетеді.

ТАҚЫРЫПТЫҚ  АТА – АНАЛАР  ЖИНАЛЫСЫ

Іс - шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

«Ансамбльде     ойнау»

Қараша

Ермакова З.В.

2

«Танымал     әуендер»

Наурыз

Ермакова З.В.

3

«Қазақстандық     классика  мектебінің  туындылары»

Қараша

Федорова М.С.

4

«Музыкалық     тамшы»

Наурыз

Федорова М.С.

5

«Күзгі  көңіл – күй»

Қараша

Сейфулина О.А.

6

«Жанға     жайлы  сәттер»

Наурыз

Сейфулина О.А.

7

«Күзгі     жапырақтар»

Қараша

Проценко Н.В.

8

«Әр  дыбыста  көктемнің     ізі»

Наурыз

Проценко Н.В.

9

«Күзгі  сурет»

Қараша

Грошев В.В.

10

«Көктемгі  ояну»

Наурыз

Грошев В.В.

11

«Скрипка     мектебіндегі  классикалық  туындылар»

Қараша

Гаршина И.А.

12

«Көктем  мерекесі - Наурыз»

Наурыз

Гаршина И.А.

13

«Қазақ     композиторларының  музыкасы»

Қараша

Семенова М.А.

14

«Әлемдік     классик  композиторлар  туындысы»

Наурыз

Семенова М.А.

15

«Қазіргі     қазақ  композиторларының  туындылары»

Қараша

Бердібаева Қ.Б.

16

«Наурыз»

Наурыз

Бердібаева  Қ.Б.

17

«Заманауи     эстрада  музыкасы»

Қараша

Исаева Н.В.

18

«Бірге     орындаудың  қуанышы»

Наурыз

Исаева Н.В.

19

«Музыкалық     жауын»

Қараша

Щетинкина Е.Г.

20

«Көктемгі  көңіл - күй»

Наурыз

Щетинкина Е.Г.

21

«Музыкалық     дыбыстар»

Қараша

Айтбакиева  Э.А.

22

«Жан  шуағы»

Наурыз

Айтбакиева Э.А.

23

«Күздің     ерекшелігі»

Қараша

Реймер Н.В.

24

«Әсем     табиғаттың  оянуы»

Наурыз

Реймер Н.В.

25

«Күзгі  джаз»

Қараша

Степаненко А.В.

26

«Музыкалық     калейдоскоп»

Наурыз

Степаненко А.В.

27

«Классикалық     гитарадағы  джаз»

Қараша

Акимов А.Л.

28

«Армысың, әз – Наурыз!»

Наурыз

Акимов А.Л.

29

«Халық  күйлері»

Қараша

Аймағамбетова А.Б.

30

«Домбыра  класында  ансамбльдік     орындаушылық»

Наурыз

Аймағамбетова А.Б.

31

«Лирикалық  көңіл - күй»

Қараша

Андриянова Е.В.

32

«Танымал  музыка»

Наурыз

Андриянова Е.В.

33

«Гитарамен     ән  саламыз»

Қараша

Сейфулина Э.М.

34

«Гитарада ансамбльдік     ойнау»

Наурыз

Сейфулина  Э.М.

35

«Жапырақтың     сыбдырының  әуені»

Қараша

Розбакиева Ш.К.

36

«Наурыз     мерекесіне  көктемдік  тарту»

Наурыз

Розбакиева Ш.К.

37

«Гитараның  үні»

Қараша

Печенкина О.В.

38

«Музыкалық     көктем»

Наурыз

Печенкина О.В.


Ата – аналармен  және  санитарлық – шаруашылық  жұмыстары   жоспар  бойынша  жүргізілді. Жалпымектеп  ата – аналар   жиналысына,  класстық  ата – аналар   жиналысының  дайындығына  ата – аналар   атсалысты. Сабақты  себепсіз  жіберетін   балалар  жөнінде, байқауларға  қатысудың, дайындалудың  пайдасы   туралы  ата – аналармен  әңгіме   жүргізілді. 

Бөлім  меңгерушілері   де  жоспар  бойынша   жұмыс  жүргізді, бөлім  отырыстарын   уақытында  өткізді. Педагогикалық  кеңестер  өз   уақытында  өткізіліп  тұрды, бірлесе  талқылап,   шешім  қабылданды. Академиялық  емтихандар  уақытылы   өткізілді,  ұстаздар  әр   сынақ, емтиханды  еркін, көңілді, қызықты  етіп  өткізіп,   балалардың  өздерін  еркін, сенімді  ұстауына   жағдай  туғызды. Мектеп  ұстаздары   РҚББОӘО  әдістемелік  кеңесінің   іс – шараларына  үнемі  қатысып   отырады. 2019 ж. гитара  класының  ұстазы   Сейфулина Э.М. Семей   қаласына  барып  білім   арттыру  курсына  қатысып   келді. Ұстаздар  жүйелі  түрде   өзін – өзі  жетілдірумен  айналысады, Құрманғазы  атындағы   ҚҰК, Чайковский  атындағы  муз. Колледжінің, А. Жұбанов  атындағы, К. Байсейітова  атындағы   арнайы  мамандандырылған  музыка   мектептерінің  шеберлік  сабақтарына,   концерттеріне  барып  тұрады.Халықаралық  джаз   фестивалі, Абай  атындағы  опера   және  балет  театрына, Жамбыл  атындағы   Қазақ  Мемлекеттік  филармониясының  қойылым – концерттеріне  барып   тұрады. Мектеп  әкімшілігі  ұстаздардың  жұмыс   сапасы, оқушылардың  сабаққа  қатысуы,   үлгерімі  және  т.б.   үлкен – кіші  мәселелердің  дұрыс   шешілуін  бақылауда  ұстап, мектеп   ішіндегі  климаттың  дұрыс   болуына  жағдай  жасайды. Ата – аналардың  төлемінен   бөлінетін  қаржыға  мектепке   косметикалық  жөндеу  жұмыстары   жүргізілді.  Концерт  залының,   барлық  кабинеттердің  жылыту   жүйесінің  трубалары  мен   батареялары  ауыстырылып, ретке  келтірілді. Мектеп едені жөнделіп, өрт  қауіпсіздігінің  талаптарына   сәйкес линолеум орнына   кафель  салынды. 

Педагогикалық  ұжымның   жұмысына  қиындық  тудыратын   да  мәселелер  бар :

  • Карантинге  жабылу   және  қашықтықтан  оқыту   жүйесі;
  • Мектеп  оқушыларының   жалпыбілім  беретін  мектебіндегі   жүктемелерінің  көптігінен  үй   тапсырмасын  орындауға  үлгермейтіндіктері;
  • Көп  жанұялардағы   материалдық  қиындық, сол  себепті   оқу  ақысының  кешіктірілуі;       

2020 – 2021 ОҚУ   ЖЫЛЫНА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҰЖЫМНЫҢ   АЛҒА  ҚОЯР  

МАҚСАТ – МІНДЕТТЕРІ : 

1.Скрипка  бөлімінің   оқушыларын  54 – Қалалық  жас   музыканттар  байқауына  дайындап, қатысу.

2.Аудандағы,  қаладағы   ұйымдастырылатын  мәдени  іс – шараларға  үнемі   қатысып, ұстаздар  мен  оқушылардың   концерттік  деңгейін  көтеру.

3.Мектептің  контингентін   сақтау  және  бала   қабылдаудың  сапасын  арттыру.

4.Барлық  бөлім   ұстаздарына  балаларды  Қазақстан   композиторларының   шығармаларымен  таныстырып, үнемі  ізденісте  болу.

5.Төменгі  класс   оқушыларының  ойнау  аппараты, қол   қойылымы, метр – ырғақ   сезіне  білуін  жетілдірумен   жұмыс  жасау.

6.Әрбір  ұстаз   өз  білімін  жетілдіру   мақсатында  педагогтың  статусы, білім  беру   туралы  заңдармен, ҚР  президенті   Қ.К.Тоқаевтың  Қазақстан  халқына   жолдауларымен, ҚР  Үкімет  басшылығының   білім  туралы  соңғы  қаулыларымен  танысып   тұру.

2019 – 2020 оқу  жылын  қорытындылай   келе, мектеп  ұжымы  келесі   2020 – 2021 оқу  жылына  мынадай   мақсат – міндеттемелерді   жүктейді:

  • Қашықтықтан  оқытудың   жаңа  тәсілдерін  меңгеру.
  • Педагогикалық  шеберлікті   шыңдауды  жалғастыру.
  • Оқушылардың  оқу   процесіне  жауапкершілігін  қалыптастыру.
  • Шығармашылық  қабілетін, жаңашылдыққа  деген   қызығушылығын, таным - түйсігін   арттыру.
  • Әр  баланың   қабілетіне  қарай  бірнеше   деңгейде  жұмыс  жасау   әдісін  жалғастыру.
  • Кәсіби – бейім  оқушының   техникалық, музыкалық  өсуіне  баса   көңіл  бөлу.
  • 54 – Қалалық  жас   музыканттар  байқауына  скрипка   бөлімінің  жақсы кәсіби  деңгейде   дайындық  жасауын  қамтамасыз   ету.
  • Жаңа  технологияны   меңгеріп, оқушылардың  сапалы  білім   алуына  заманауи  әдістермен   жүйелі  түрде  мониторинг   жасап  отыру.

 

  Е. Брусиловский  атындағы №9 БММ  

  директорының   міндетін  атқарушы                                                             М.Узбеков




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив